IV облыстық музейлер экскурсия жүргізушілері байқауы

2017 жылғы 6 қазан “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “ХХІ ғасыр. Солтүстік Қазақстан облысы” IV облыстық музейлер экскурсия жүргізушілер байқауы өтті.

Байқауда 11 экскурсия жүргізушілер бақтарын сынады. Байқау үш турдан және практикалық шеберлік сағатынан құралды. Байқауға қатысушылар тек нақты тақырыпты біліп қана қоймай, үш тілді де меңгеруі шарт болды.

Байқау қорытындысы бойынша облыстың үздік экскурсия жүргізушілері анықталды:

  • 1 орын – Бейсембина Назгүл, «Абылай хан резиденциясы» музей кешені.
  • 2 орын – Коровина Елена, Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі.
  • 3 орын – Бекенова Жансұлу, Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейі.

“Кәсіпке деген адалдық” номинациясы бойынша дипломды СҚМУ музейінің экскурсия жүргізушісі – Амрина Лаура қанжығасына байлады.

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлері ұйымының кәсіподағы атынан грамота Есіл ауданының тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Кутейникова Иннаға табысталды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.