“Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі бойынша экскурсия

20 қазан 2021 ж. М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенттері үшін Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Адамзаттың Абайы” атты жылжымалы көрмесі бойынша экскурсия өткізілді.

Негізгі мақсаты: аудиторияны қазақ даласының Ұлы ақыны Абай мұрасымен таныстыру.

Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары-қайталанбас туындылар, қазақ халқының рухани әлемінің шыңы. Абай шығармаларын таныстыру, тану, жаңғырту, насихаттау – тарихи парыз, міндет. Абай мұрасы-ғасырлар бойы өзінің маңызын жоғалтпаған халықтың сарқылмас игілігі.