2021 ж. 11.11. “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде ҚР Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған ұлттық валюта – теңгенің 28 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті.
Көрмеде валютаның жасалу тарихы ұсынылды, келушілер алғашқы банкноттармен таныса алды, сондай-ақ естелік тарихи оқиғаларға, елдің айтулы күндеріне, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған коллекциялық монеталарды тамашалады. Сондай-ақ, “Қолданбалы өнер”, “Атақты мешіттер”, “Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары”, “Қазақстан фаунасы” сынды сериялары да бар. Көрме 11 қарашадан 18 қараша аралығында жұмыс істейді.