2017 жылғы 27 қазан “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенімен бірлесіп “Нұр отан” партиясы қарамағындағы “Жас Отан” жастар қанаты жастар саясаты басқармасының қолдауымен, гуманитарлы-техникалық колледж, СҚМУ студенттері, ”Мұнаймаш“ зауыты жастар өкілдері мен СҚМУ кәсіподақ ұйымдарының студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде өтті. Кездесуге қатысушыларға мұражай залдары бойынша жалпы экскурсиялар ұсынылып, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын талқылау бойынша конференция өткізілді.