«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты Абай оқулары байқауы

2023 жылы 8 ақпан күні «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 1-4 сынып оқушылары арасында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты Абай оқулары байқауы өтті.

Іс-шара мақсаты:

  • Бастауыш сынып оқушыларына Абай өлеңдері мен қара создерін насихаттау.
  • Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
  • Абай қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру.

Оқушылар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқыды.

Байқаудың қорытындысын қазылар алқасы сөз сөйлеушілердің сөйлеу нормаларын сақтауына, олардың әртістігіне, имиджге ену тереңдігіне және мәтіннің мағынасын жеткізуге назар аударды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.