2017 жылғы 27 қараша күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Егемен елдің кемеңгер басшысы” атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық” кафедрасының доценттері, тарих ғылымының кандидаттары, тарихи мұражайының директоры мен студенттері, Әл Фараби лицейінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.