2018 жылдың 21 ақпаны «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде, Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен негізгі «Рухани қазына» бағытын жүзеге асыру мақсатында «Қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов жалпы үлгідегі интернат-үйі» КММ қамқоршыларына арналған «Асыл қазына» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Қарт адамдарға арнап мұражай залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның басты бөлігі бұл тақ залында. Бұл жерде С.Шаймерденов атындағы қалалық мектеп-гимназиясының жетінші сынып оқушысы Меруерт Әшімова қонақтарға арнап экскурсия жүргізді.
Меруерт екі жыл көлемінде Абылай хан мұражайындағы «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесіне қатысып келді. Үйірменің басқа да мүшелерімен бірге ол Петропавл қаласының мәдени және тарихи жерлерімен танысты. 2017 жылдың соңында «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде жас экскурсия жүргізушілерінің қалалық сайысында Меруерт жеңімпаз атанып, 1 орын иеленген болатын.
Алдағы уақытта да мұражайда тақырыптық экскурсия өткізуге жас экскурсия жүргізушілерін дайындау жоспарланып отыр.