Көктемнің, достық пен жаңғырудың символы саналатын Наурыз мейрамы қарсаңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!” атты театрландырылған қойылым өткізіледі.
Қазақтың ескі салт-дәстүрі бойынша балаларға музыкалық қойылым, Қыдыр атамен кездесу және түрлі жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, іс-шара қатысушыларына шай және бауырсақ ұсынды. Іс-шара соңында балалар Наурыз мейрамының символы ретінде танылған – алтыбақанға мініп көңіл көтерді.