Астана қаласының 20-жылдығына орай “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының емделушілеріне “Біз – өз Отанымыздың бақытты балаларымыз” атты интерактивті іс-шарасын өткізді. Балалар ұлтжандылық пен өз еліне деген махаббатты тәрбиелеуге бағытталған ойындарға, викториналар мен сайыстарға қатысты.