2018 жылдың 18 шілдесі Бескөл к. мүгедектерді сауықтыру орталығының емделушілері “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесіне келді. Қонақтар барша түркі халқы бас иетін, киелі Түркістанның жәдігерлерімен танысты. Түркі дәуірінің 6–7 ғасырларды қамтитын нумизматикалық экспонаттар олардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, Абылай ханның Цин императоры арасындағы хаттардың осы күнге дейін сақталғандарына таң қалды.