Балабақшадағы “Таңғажайып балалық шақ”

2018 жылдың 27 шілдесі күні “Нұрсат” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Таңғажайып балалық шақ” атты мәдени-танымдық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Балаларға қонаққа жолда жүру ережесінен хабары жоқ көңілді миньондар келді. Миньондар қиын жағдайда қалмау үшін балалар оларға қауіпсіздік ережелерінің негізгі қағидаларын үйретті. Сондай-ақ, балалар өзге ғаламшарлық достарын қаланың көрікті жерлерімен таныстырды. Балақайлар сайыстар мен танымдық жарыстарға қызыға әрі аса белсенділікпен қатысты.