2018 жылдың 7 тамызы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне “Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының” қызметкерлері келіп, “Әзірет сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен танысты. Олар аса қызығушылықпен Қабанбай батырдың қанжары мен тайқазанды тамашалады.