2018 жылдың 25 қыркүйегі күні жалпыхалықтық “Рухани жаңғыру” жобасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің “2032 Әскери бөлімі” жиынының қатысушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Жиынға келген Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының шекаралық бөлімдердің басшылары мұражай экспозициясымен, сондай-ақ, қонақтар Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел,балалар, оқылық!” атты жылжымалы көрмесімен танысты.