Жастар арасында ұлтжандылықты тәрбиелеу

 2018 жылдың 28 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Аққайың ауданының Ленинский орта мектебінің оқушылары, сондай-ай, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттері экскурсияға келді.

Балалар қазақ халқын біріктіруші, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның өміріне қатысты оқиғалармен танысты.

Сондай-ай, балаларға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” атты жылжымалы көрмесі ұсынылды.

Жас ұрпақпен жұмыс жасау кезіндегі негізгі мақсаты балаларға өз жеріне, өлкесіне, оның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүріне, өз Отанына деген махаббат, құрметі анық көрінетін шынайы ұлтжандылық сезімін тәрбиелеу болып табылады.