2018 жылдың 10 қазан күні жалпыхалықтық “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, “Рухани қазына” бағыты бойынша “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Петропавл қаласы педагогика еңбегінің, денсаулық сақтау саласының, Киров атындағы зауыттың және басқа ұйымдардың ардагерлеріне арналған “Асыл қазына” атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Қарттарға мұражай экспозициясы бойынша экскурсиядан бөлек, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінен “Кел, балалар, оқылық” жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның ерекшелігі – қалалық “Жас экскурсия жүргізуші” байқауының жүлдегерінің қатысуы еді. Тақ залында №2 орта мектебінің сегізінші сынып оқушысы Құрманғалиев Мирас экскурсовод ретінде жұмыс атқарды.