2018 жылдың 16 қазан күні “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені қызметкерлерімен Петропавл қаласы №43 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына “Алға қарай бас қадам!” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді.
Мектепке дейінгі шақтан жаңа ғана шыққан қыздар мен ұлдар білім теңізіне кезігіп, бірінші қиындықтардан сүрінбей, жақсы деңгейде өтті. Балалар жасырылған жұмбақтарды шешіп, портфельге керекті мектеп құралдарын жабулы көзбен жинады.
Балалар екі топқа бөлініп, әріптер мен сандарды құрап, сонымен қатар өлкетану бойынша тапсырмаларды мүдірмей орындап шықты.
Балалар барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп, бірінші сыныптын антын қабылдап, “Бірінші сынып оқушысы” деген атқа ие болып, мойындарына белгі тағылды.