2018 жылдың 25 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының стационарлық ем қабылдап жатқан балаларға "Күй әміршісі – домбыра" атты мұражай сабақ өткізді.
Ұлттық күйлер орындалып, балалар сандықтың ішінде қандай музыкалық аспап жасырып тұрғанын табулары тиіс болды. Балаларға сөзжұмбақ, мозайка, сондай-ақ, қобыз, даңғыра және домбыра аспаптарының қалай щыққандығы туралы аңыздар айтылды. Балалар қазақ домбырасының екі мың жыл бұрын пайда болғандығы туралы білді. Соған қарамастан, домбыра қазіргі күнге дейін өзінің қадір-қасиетін жоғалтқан емес. Ол өзге ұлт өкілдерінің аспаптарымен тең қолданылып келеді.
Тапсырамалардың ішінде балаларға 2018 жылдан бастан атала бастаған Ұлттық домбыра күнін табу ұсынылды.
Балалар көптеген мәлімет алып, әсерлі көңіл-күйде болды. Ал іс-шараның соңында оларға домбыра пішініндегі бетбелгі сыйға берілді.