2018 жылдың 28 қараша күні 11:00 де “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай “Ұлы тұлға” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға қала студенттері мен оқушылары қатысты. Баяндама оқығандар: СҚМУ-дің оқытушылары Б. С. Қожабекова, А. С. Жакежанова, №2 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. А. Коспакбаев, сонымен қатар СҚМУ-дің II курс студенті Баширов Абай.
Іс-шара барысында Елбасының саясаты мен идеясы, ел дамуының жоспары, ел тарихы дамуында Президенттің алатын орны талқыланды.