Булаев қаласында өткен мұражай сабақ

Қасиетті орындардың мәні мен мағынасы әрбір жаңа ұрпаққа өз халқының рухына енуге көмектеседі, өзін мәңгілік тарихтың бір бөлігі ретінде сезіну –бүгінгі күні де жалғасып жатқан тарих.

2019 ж. 31 қаңтар мұражай кешенінің қызметкерлері М. Жұмабаев ауданының тарихи-өлкетану мұражайында “Солтүстік Қазақстан облысының Сакралды картасы” атты мұражай сабағын өткізді. Балалар облыс аумағындағы киелі жерлермен танысты.