15 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Дарын” мектеп-лицейінің оқушыларына “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Балаларға қолданбалы өнердің даму кезеңдері түсіндіріліп, қолөнершілердің түрлі жұмыстары көрсетілді. Оқушылар өздерін шығармашылықтары жағынан шыңдады, өздері кілеп тоқып, киімді ою-өрнекпен безендірді.
Қазақ халқының мәдениетін толықтай ашу үшін балаларға қазақтың ұлттық ойындары ұсынылды.