20 ақпан “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде СҚО Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған “Қолөнер – сырлы өнер” жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты болды. Көрмеге өткен ғасырлардағы адамдардың тұрмысы мен өмірі жайында тарихи қызығушылық танытатын 30 -дан астам жәдігер қойылды.
Көрменің мақсаты мен міндеттері:
- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында СҚО тұрғындарын М. Жұмабаев ауданы тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлерімен таныстыру.
- Келушілердің өлке тарихына деген қызығушылығын тудыру.