2019 жылдың 11 желтоқсаны “Абылай хан Резиденциясы” музей кешенінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары: СҚ медицина колледжінің студенттері, “Білім-Инновация” оқушылары. Спикерлер: “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директоры Садаев А. Н, “NUR OTAN” партиясы мүшесі Алибеков Р. З., Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің оқытушысы Кеженева С. А., “Абылай хан резиденциясы” тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Жүнісов Б. Н., Әскери институтының курсанттары Хамит Е. С., Әбдірәсіл С. М.
Абылай хан Резиденциясының қызметкерлеріне Нұрышевқа Қ. Б., Тұрсыновқа Қ. Ш., Жүнісовке Б. Н., Нәбиевке Ә. Ж. “Нұр Отан” партиясы билеттері табыс етілді.
Іс-шара мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасуын талқылау
- Тарихты зерттеуге және білімдерін кеңейтуге ынталандыру
- 28 жыл ішінде ел қол жеткізген нәтижелерді қорытындылау