2020 жылдың 10 маусымында “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне облыс әкімінің орынбасары Ғ. Нығыметов келді.
Петропавлдың орталық бөлігінде орналасқан “Абылай хан резиденциясы” музей кешені мемлекеттік сакралдық картаға енген қаланың мәдени көрікті орындарының бірі болып табылады. Музей қазақ тарихындағы аса көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай ханға арналған.
Жаңартылған мұражай кешенінің салтанатты ашылуы 2008 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Кешен экспозициясы келушілерді Абылай ханның өмірі мен қызметінің басты оқиғаларымен таныстырады, сондай-ақ көрермендерге отан сүйгіштік пен Отанға деген адалдық сезімін тәрбиелейді. 1982 жылы Резиденция ғимараты мемлекеттік қорғауға алынды.
Ғимараттың ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғани Сақтағанұлы Абылай ханның аты аңызға айналған тұлғасы туралы баяндайтын ауқымды тарихи экспозицияға риза болып, музейге одан әрі өркендеу және одан әрі тарихты бағалаушылар тілеп, алғысын білдірді.