2020 жылдың 23 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы музейлерінің арасында V облыстық экскурсия жүргізушілер байқауы өткізілді. Іс-шараның тақырыбы “СҚО –ның киелі жерлер картасы” ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жасалған Қазақстанның киелі жерлері жобасымен байланысты.
Байқаудың мақсаты: заманауи қоғам мәдениетіндегі музей ісінің мәртебесін , сондай-ақ экскурсия жүргізушінің рөлін көтеру болып табылады.
Байқауға жалпы білім беретін мекемелердің тарихи-өлкетану, мемориалдық, ведомствалық музейлерінен 13 экскурсия жүргізушілері қатысты. Қатысушылар 3 кезең бойынша бақтарын сынады: “СҚО киелі жерлері” онлайн журналы, белгілі топқа киелі нысан бойынша экскурсия жүргізу, “экспромт” кезеңінде эрудицияны, креативтілікті, тапқырлықты көрсету керек болды.
Байқаудың қатысушыларына музейдің онлайн жұмыстары бойынша мастер-класс ұсынылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экскурсия жүргізушісі Нәбиев Алиасқарға берілді.
Бірінші орынды СҚО “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану” орталығының қызметкері Жанат Баймусенов иеленді.
Екінші орынды Есіл және Айыртау аудандарының экскурсия жүргізушілері бөліп алды.
Үшінші орынды Облыстық тарихи-өлкетану және СҚМУ музейлерінің экскурсия жүргізушілері алды. Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет,спорт,және хабарлама қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы “Өз ісіне адал” деп Жамбыл ауданының экскурсия жүргізушісі Кошаева К.Ө. атап өтіп, дипломмен марапаттады.