2020 жылдың 05 қарашасы күні «Абылай хан резиденциясы» музей кешеніне Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары келді. Балалар Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты Петропавл қаласының маңызды жерлерін зерттеп жүр.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолдауының арқасында елімізде өзге аналогы жоқ, жаңа типтегі Абылай хан музей кешені ашылған болатын. Музей тек қана біздің өңір тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан үшін аса маңызды тарихи-мәдени мәнге ие.
Жастар 2008 жылдың 21 тамызы күні Елбасының қатысуымен ашылған музейдің салтанатымен байланысты экспозициямен танысты.