Іс-шараның мақсаты:
- Қазіргі ұрпаққа Абылай хан және оның Қазақстан тарихында алатын орны туралы қызықты түрде жеткізу
- Бос уақытты өткізудің жаңа интеллектуалды-мазмұнды түрлерін дамыту
Квесттің тапсырмалары:
- Тарихты тану және өлкетану бойынша білімдерін кеңейту
- Музейді бос уақытты өткізудің бірден-бір объектісі ретінде жариялау
Квест-ойыны “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде 2017 жылғы 18 мамырда өтті. Ойынның басында 3–4 адамнан тұратын топқа, сонымен қатар жалғыз ойыншыға да барлық тапсырмалар жазылған “Саяхатшы кітапшасы” тапсырылады. Бірінші залда ойыншылар жасырылған сөздің “Торсық” барлық негізгі әріптерін жинап алулары тиіс. Тапсырманы орындағаннан кейін келесі залдағы – киіз үйді құрастыру тапсырмасын орындайды, кейін көптеген қиын тапсырмаларды мұқият орындап, ойыншылар алғырлықтарының, зеректіліктерінің арқасында Абылай ханның тура өзіне ең басты сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болады. Ойын мемлекеттік тілде жіне орыс тілінде өткізілді.
Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Ойынға барлығы 250 адам қатысты.