2019 жылдың 10 қазан күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Туған жер” жобасы шеңберінде “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Жас өлкетанушылар” үйірмесінің ашылуы өтті. Музей қатысушыларға заттық және рухани құндылықтарды танып, ғылыми тұрғыда нәтижелерін насихаттауға үйретеді. “Жас өлкетанушылар” үйірмесі тарихты, тарихи ескерткіштердің, мәдениеттің қалыптасуына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Жас өлкетанушылар жерлес жазушылардың өмірінен сыр шертетін “Алып тұлғалар” атты жылжымалы көрмесімен танысты.