2020 жылғы 22 қаңтар қаламыздың №2 орта мектебінде “Белсенді өлкетанушылар Форумы” өтіп, №2, 8, “Дарын” мектеп-лицейі мен “Бэст” гимназиясының оқушылары қатысты. Шарада музейдің бас қор сақтаушысы жас өлкетанушыларға “Абылай хан резиденциясы” қызметі мен “Жас өлкетанушылар” үйірмесі өткізіліп жатқаны жайында айтып, қызықты ақпараттармен хабардар етті. Үйірме музей қабырғасында 3 жыл көлемінде жүргізілуде.