Экскурсия жүргізуші Н. А. Бейсембина ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасы С.Т. Дәулеталиннің алғыс хатымен марапатталды

2022 жылдың 5 қазаны күні Қазақстан Республикасының кәсіби одақ күніне орай облыстық комитетте салтанатты отырыс өтті. Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кісіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін "Абылай хан резиденциясы" музей кешенінің экскурсоводы Н.А Бейсембина ҚР кісіподақтар федерациясының төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлының қолы қойылған Алғыс хатпен марапатталды.