Астана қаласының 20-жылдығына орай “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының емделушілеріне “Біз – өз Отанымыздың бақытты балаларымыз” атты интерактивті іс-шарасын өткізді. Балалар ұлтжандылық пен өз еліне деген махаббатты тәрбиелеуге бағытталған ойындарға, викториналар мен сайыстарға қатысты.

Жалпыхалықтық “Рухани жаңғыру” бағдарламасына орай, Астана қаласының 20-жылдығы қарсаңында 2018 жылдың 5 шілдесінде “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешеніне “Петропавл қ. әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ қызметкерлері экскурсияға келді. Мұражай экспозициясынан бөлек ол Түркістан қаласынан “Киелі Түркістан” атты жылжымалы көрмесімен танысты.

2018 жылғы 05 маусымда “Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің СҚО ӘД” РММ Жұмыспен қамту орталығы мамандарына “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешененің мамандары Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” жайлы талқылады.

2018 жылғы 05 маусым “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде №21 орта мектептің, жазғы алаң демалысындағы оқушыларына мұражай залдарында экскурсиялық шолу жүргізілді.