2018 жылдың 20 сәуірі күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде ҚР Ұлттық гвария құрамына енген №6637 әскери бөлімнің әскери қызметкерлерінің қатысуымен 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Бағдарламаның соңында мұражай залдары бойынша экскурсия өткізілді.

2018 жылдың 19 сәуірі күні №12 мектебінің 2 сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне орай “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде “Ұрпаққа ұран – ұлы тұлғалар” атты іс – шара өткізілді. Алдымен оқушылар “Қазақ батырлары” тақырыбында мұражай экспозицияларымен танысты. Кейін олар үшін “казармадағы сарбаздар” бағдарламасы ұйымдастырылды. Жарысқа барлық оқушылар белсене қатысты. Олар шифрограмманы шешу, авиабомбаны зарарсыздандыру, әскери жаралармен атысу, түйме тігу, өз капитанын тастамай, топта жұмыс жасау қабілеттерін шыңдады. Жарыс соңында балалар майдандық үшбұрышты хаттар жасап үйренді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мұражай территориясында балаларды тағы бір тосынсый –дәстүрлі алтыбақан күтті.

Бүгін, 18 сәуір Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай , “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде бірінші гимназияның 1 “Б” сынып оқушылары мен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің 1 курс студенттеріне арналған “Қасиетті бабамның үйі” атты мұражай сабағы өтті.

2018 жылғы 16 сәуір Есіл ауданы Явленка тарихи-өлкетану мұражайында “Ордасы ұлы Абылайдың” атты “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің ашылуына 10 жыл толуына арналған жылжымалы көрменің ашылуы өтті. Көрменің ашылуы салтанатты түрде музыкалық сәлемдеме және Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауданы әкімдігінің “Мәдениет және тілдерді дамыту” КММ бөлімінің жетекшісі Кемелов Жеңіс Болатханұлының қатысуымен ашылды. Көрме Явленка тарихи-өлкетану мұражайында 2018 жылғы 27 сәуірге дейін қызметін көрсетеді.

 2018 жылдың 13 сәуірі күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №20 орта мектептің 2 және 4-сынып оқушылары “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенін аралады. Жалпы шолу экскурсиясы кезінде мұражай қызметкерлері өз алдарына келесі міндеттерді қойды: балаларға ұлтжандылық негіздері мен рухани құндылықтарды тәрбиелеу. Балалар мұражай экспозициясымен қызыға танысып, туған өлкелерінің тарихы жайлы өз білімдерін тереңдетті.