2018 жылдың 17 шілдесі күні “Kinder Boom” дамыту орталығының тәрбиеленушілері “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде болды. Балалар “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен танысты. Балалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зияратшылардың белгісіне айналған тайқазанды сүйсіне тамашалады. Сонымен қатар, этнографиялық заттар және тұмармен байланысты зергерлік бұйымдар олардың қызығушылықтарын тудырды.

 

2018 жылдың 13 шілдесі күні шағын футболдан “ER JANIBEK CUP” халықаралық турнирі аясында мұражай кешенін ұйымдастыру комитеті мен Қазақстанның әр түрлі өңірлерінің футболшылары, сондай-ақ, Австрия, Түркия, Монғолия, Дания, Иран, Қырғызстан және шекаралас Ресейден, яғни Омбы, Қорған, Түмен облыстарының футболшылары экскурсияғаа келді.

Қонақтар мұражайдың экспозициясымен қатар, “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының “Киелі Түркістан” көрмесімен танысты. Олар Қожа Ахмет Яссауидің баға жетпес құнды мұрасын қызыға тамашалап, Түркістан қаласының тарихи жәдігерлерімен танысты.

2018 жылдың 13 шілдесі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Қазақстанның барлық өңірінен жиналған облысымыздың ең алғашқы қазақ мектеп-интернатының түлектері экскурсияға елді. 50 жылдан кейінгі ұйымдастырылыған кездесу “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының “Киелі Түркістан” көрмесінен басталды.

2018 жылдың 10 шілдесі күні Солтүстік Қазақстан облысы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында “Мир человеческих отношений” мұражай сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалар өз-өздерін, рухани-адамгершілік мәдениетті дамытуға арналған психологиялық тренингтерге қатысып, өмірлік жайттар туралы пікір таластырды.

2018 жылдың 06 шілде күні қаланың орталық алаңында Астана қаласының 20 жылдығына орай қала тұрғындарына және қала қонақтарына арналған “Менің елім” атты жылжымалы көрме және суретке түсу үшін жартылай киіз үй фото аймағы қойылды.

2018 жылдың 08 шілде күні қалалық орталық алаңында қала қонактарына арналған “Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан” атты жылжымалы көрме қойылды. Тақта отырған Абылай ханмен фото аймағы ұйымдастырылды.