2018 жылдың 09 тамызы күні “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының “Киелі Түркістан” жылжымалы кқрмесімен ҚР ҰҚК шекара қызметі Академиясының түлектері танысты. Жас түлектер еліміздің барлық өңірінен жиналды. Мұражай қонақтары Түркістанның Қазақстан тарихында алатын тарихи, рухани-мәдени рөлін біліп қайтты.

9 тамыз күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Малыш” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Іс-шара барысында балалар сәндік-қолданбалы өнердің үлгілері және түрлерімен танысты. Балалар қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарымен танысып, өздері де кілем тікті. Сондай-ақ, ою-өрнек түрлерін біліп, ұл бала мен қыз баланың ұлттық киімдерін оюмен безендіруді үйренді. Естелікке балабақша тәрбиеленушілері ұлттық оюдың бояу қағазын алды.

2018 жылдың 7 тамызы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне “Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының” қызметкерлері келіп, “Әзірет сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен танысты. Олар аса қызығушылықпен Қабанбай батырдың қанжары мен тайқазанды тамашалады.

03 августа 2018 года музейный комплекс “Резиденция Абылай хана” посетили сотрудники правоохранительных органов г. Омска РФ, которые находились в областном центре в рамках сотрудничества и обмена опытом. Помимо ознакомления с экспозицией музея, гостям была представлена передвижная выставка “Священный Туркестан” Государственного историко-культурного музея-заповедника “Азрет Султан”.

2018 жылдың 1 тамызы күні “СҚО ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметі” ММ №3 арнайы өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің нысандарымен танысып қана қоймай, “Әзірет сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесін тамашалады.