13 қыркүйек күні № 12 орта мектебінің 2 сынып оқушыларына “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкері “Мектепке ғасырлар арқылы кіру” интерактивті іс-шарасын өткізді.

Оқушылар тек мектептермен танысып қоймай, өздерінің құрбыластарының ежелгі гректік, XVI ғасырдағы орыс мектебінде, XVIII ғасырдағы Қазақстан мектептерінде олар оқыды.

 2018 жылдың 12 қыркүйегі күні “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенімен Бескөл елді-мекенінің “Мүгедектерді оңалту орталығы” КММ емделушілері мұражай экспозициясымен танысты.

2018 жылдың 05 қыркүйегі күні “Рухани жаңғыру” жалпыұлттық бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенін “Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы” Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының дәріс тыңдаушылары тамашалады.

 2018 жылдың 28 тамызы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне “Сегіз Серінің шекпенін сыйға қабылдау” салтанатты іс-шарасына келген Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан қонақтар келді. Сондай-ақ, мұражай экспозициясымен Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің қатысушылары – Чехия Республикасының делегациясы танысты.

27 тамыз Қазақстан Конституциясы күні қарсаңында мұражай кешенінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті кәсіби дайындық мектебінің ұстаздары мен тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Ата заң – алтын тұғырымыз” атты жылжымалы көрме ұсынып, дәріс оқыды. Дәріс барысында өртке қарсы қызметінің қызметкерлері қазақ қоғамындағы заң жүйесінің пайда болуымен танысып, Қасым ханның - қасқа жолы мен Есім ханның – ескі жолдарын талқылады. Тарихи заңдылықпен қазыргі Қазақстан Республикасының Конституциясы байланысы ақтарылды.