18 қыркүйек күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “SYRLY OIÚLAR” атты кілемдер көрмесі ашылды.
Іс-шараға СҚО мәдениет басқармасы, “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің өкілдері, БАҚ, қоғам өкілдері қатысты.
Кілем тоқу – қазақ халқының ежелден келе жатқан кәсіптерінің бірі. Оның тарихы 5 мың жылдай. Кілем тоқу құпиялары ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталып келді. Кілемдерді негізінен әйел адамдар жасаған.
Қазақ халқының кілемдерін екіге бөлуге болады: түкті және түксіз немесе тақыр. Көрмеге “Өрмек” кілем тоқу жабдығы мен кілемдердің 17 түрі көрсетілген. Сондай-ақ, іс-шарадан соң кілем тоқудан шеберден мастер-класс өткізілді.