№1 ОМ оқушыларына арналған онлайн экскурсия

2020 жылдың 22 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің Instagram парақшасының тікелей эфирінде онлайн экскурсия өткізілді. М. Айтқожин атындағы №1 орта мектептің 4-сынып оқушылары сыныпта отырып музейдің төрт залын тамашалап, экспозициямен таныса алды. Сонымен қатар, балалар “SYRLY OIÚLAR” атты кілемдердің жылжымалы көрмесімен танысты.