2019 жылдың 11 желтоқсаны күні «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Қазақстандағы Бельгия Корольдігі Елшілігінің сауда Кеңесшісі Айжан Мусакановаға экскурсия ұйымдастырылды.

2019 жылдың 11 желтоқсаны “Абылай хан Резиденциясы” музей кешенінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары: СҚ медицина колледжінің студенттері, “Білім-Инновация” оқушылары. Спикерлер: “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директоры Садаев А. Н, “NUR OTAN” партиясы мүшесі Алибеков Р. З., Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің оқытушысы Кеженева С. А., “Абылай хан резиденциясы” тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Жүнісов Б. Н., Әскери институтының курсанттары Хамит Е. С., Әбдірәсіл С. М.

Абылай хан Резиденциясының қызметкерлеріне Нұрышевқа Қ. Б., Тұрсыновқа Қ. Ш., Жүнісовке Б. Н., Нәбиевке Ә. Ж. “Нұр Отан” партиясы билеттері табыс етілді.

Іс-шара мақсаты:

  • Еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасуын талқылау
  • Тарихты зерттеуге және білімдерін кеңейтуге ынталандыру
  • 28 жыл ішінде ел қол жеткізген нәтижелерді қорытындылау

2018 жылғы 05 желтоқсанда “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері үшін террористік әрекеттер анықталған кездегі қауіпсіздік шаралары жайында шара өткізілді.

2019 жылдың 29 қарашасы “Абылай хан Резиденциясы” музей кешенінде Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары: М. Жұмабаев атындағы колледжінің студенттері, сондай-ақ, музей қызметкерлері. Спикерлер: т.ғ.к, “Рухани Жаңғыру” әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Ибраев С. И., Нұр Отан партиясының облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Литфуллин Ф. Х., “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директорының орынбасары Қыдбекова Ә. Е., Абылай хан резиденциясының тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Жүнісов Б. Н.

Іс-шара мақсаты: дөңгелек үстел қатысушыларына біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ел ішінде де, одан тыс жерлерде де елдің бейбітшілігі пен келісімін нығайтуға бағытталған жұмыстарымен таныстыру.

2019 жылғы 22 қараша күні №14 орта мектептің 3-4-ші сынып оқушыларына “Ғасыр бойы мектепке” атты музей сабағын өткізу барысында балалар пиктографиялық хат жазды, сажень, аршин, ағайын, шыңдар сияқты ұзындық шаралары туралы түсініп, сыныптастарының бойын өлшеп, XVIII ғасырдың медресесінде “оқығандай” әсер алды.