2021 жылғы 17 наурызда “Абылай хан резиденциясы” тарихи-ғылыми зерттеу бөлімнің меңгерушісі “Мұражай мәдениет феномені ретінде” атты дөңгелек үстелде “Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет” атты баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты қазіргі жаһандану үдерістері аясында Қазақстанның ұлттық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау болды.

2021 жылдың 16 наурызында Шежіре күніне орай Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған “Әлихан Бөкейхан – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар оқушылар Әлихан Бөкейханов туралы дәріс тыңдады. Оның өмірбаянымен, қызметімен және Қазақстан тарихына қосқан үлесінің маңыздылығымен танысты.