“Музей құпиялары”. 8 бөлім. Музей онлайн сабақтар топтамасы
“Тәуелсіздік туын биік көтерген — Абылай хан” жылжымалы көрмесі
2021 жылдың 11 маусымы Абылай ханның 310-жылдығына орай “Абылай хан резиденциясы” музей кешені ұйымдастырған “Тәуелсіздік туын биік көтерген-Абылай хан” атты көрме Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде салтанатты түрде ашылды. Көрме “Абылай хан резиденциясы” мен М. Ғабдуллин музейі арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында ашылды. 18 ғасырдың ұлы тұлғасы, үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қосқан мемлекеттік қайраткер Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналған көрмемен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызын, жазушы, драматург Ерғалиев Жабал Ерғалиұлын және басқа да зиялы қауым өкілдерін “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің жоғары санатты экскурсия жүргізушісі Бейсембина Назгүл Абайқызы таныстырды. Жылжымалы көрме маусымның 11–25 аралығында жұмыс істейді.