Абылай ханның 310 жылдығына арналған “Қазақ ордасының ұлы ханы – Абылай” конференциясы
2021 жылдың 30 сәуірінде Абылай хан резиденциясы Абылай ханның 310 жылдығын мерекелеу аясында “Қазақ ордасының ұлы ханы – Абылай” атты онлайн конференциясын ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлы хан Абылайдың есімі барлық қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік пен еркіндіктің символына айналуы тиіс және оның қазіргі Қазақстан аумағын сақтаудағы сіңірген еңбегі бағаланып, халық жадында мәңгі сақталуы тиіс. Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар, жазушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты.