Петропавл теміржол көлігі колледжінде “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” жылжымалы көрмесі

2021 жылғы 5 сәуірде Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығын мерекелеу аясында Петропавл теміржол көлігі колледжінде “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Студенттер осы тұлғаның өмір жолы, қызметі және Қазақстанның жаңа тарихына қосқан үлесі туралы дәріс тыңдады. Сонымен қатар оқушылар мұрағат құжаттарымен танысты.

МТРК “Рухани жаңғыру” бағдарламасында сөз сөйлеу 04.04.2021

2021 жылдың 4 сәуірінде МТРК телеарнасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жалғасы шықты, онда шақырылған қонақтардың бірі Абылай хан резиденциясы тарихи ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Жүнісов Бауыржан Нәбиұлы болды.

“Батыр Баян” музейлік онлайн сабақ

Жас журналистер үйірмесі

3 сәуір күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Оқушылар сарайында өткізілетін “Тілшілер үйірмесіне” қатысатын шәкірттерге экскурсия өткізілді.

Жас тілшілер 18 ғасырдағы Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері, қазақ халқын біріктіруші Абылай хан туралы біліп, сондай-ақ, өз өлкелерінің тарихынан кең мағлұмат алды.

Экскурсия соңында балалар өздерін тілші рөлінде музей жайында телебағдарлама дайындау үшін экскурсия жүргізуші А. Ж. Нәбиевпен сұхбат жүргізді.

“Батыр Шапырашты Наурызбай” музейлік онлайн сабақ