“Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” көрме
2021 жылғы 5 наурызда Абылай хан резиденциясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. Көрменің ашылуына ГТК оқушылары, Әскери институтының курсанттары, шақырылған спикерлер қатысты. Баяндамалармен сөз сөйледі: жазушы-журналист, “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Самрат Ж. Б., М. Қозыбаев атындағы С.Қ.У-інің “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.қ. Әбуов Н.А., Әскери институтының оқытушы Гүлназым Жарасқызы, М. Қозыбаев атындағы С.Қ.У-інің студенті, жас ақын Аяған Диас. Көрме экспозициясы мұрағаттық құжаттардан, фотосуреттерден, үзінділерден, кітаптардан тұрады. Іс-шараның мақсаты – Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен саяси қызметі үлгісінде Отанға қызмет етудің үлгісін көрсету, патриотизмді тәрбиелеу, халық тарихына деген қызығушылықты арттыру, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін ояту. Бұл көрме екі апта бойы жұмыс істейді. Онымен барлық адамдар таныса алады.