Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы музейдің жылжымалы көрмесі
2021 жылдың 13 сәуірінде сағат 11.00-де Абылай хан резиденциясында Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері М. Ғабдуллинге арналған көрме. Сонымен қатар 2020 жылы жарық көрген “Жемісті жылдар” атты кітап-альбомының, “Мен Халық ұлымын” шығармасының және екі тілде жарық көрген “Қазақ баласы”, “Сын Казаха” кітаптарының тұсаукесері өтті. Көрме М. Ғабдуллин музейінің 25 жылдығына орай ұйымдастылды.