Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған “Қос батырдың бірі – Құлеке” атты конференция
2021 жылдың 24 ақпанында Абылай хан резиденциясы “Қос батырдың бірі – Құлеке” атты онлайн конференциясын ұйымдастырды. Конференцияда сөз сөйлегендер: Садаев Аян Нәбиұлы – Абылай хан Резиденциясының директоры; Қошанов Аманжол Қошанұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері; Тасболатов Абай Бөлекбайұлы – генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы; Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы – академик, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры; Біржанов Хамит Біржанұлы – Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Алматы қаласы Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы; Тәжин Жангелді Уақпанұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика еңбек ардагері; Смағұлов Рахат Назымбекұлы – Шал ақын ауданының әкімі; Оразалин Тұрар Сейтжанұлы – Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Тыңдаушылар: Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, Шал ақын ауданының, Петропавл, Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары.