СҚУ колледжінде “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” жылжымалы көрмесі

2021 ж. 31 наурызы күні Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері СҚУ колледжінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Студенттер Әлихан Бөкейханов туралы дәріс тыңдап, оның өмірбаянымен, қызметімен және Қазақстан тарихына қосқан үлесінің маңыздылығымен танысты.