“Vadilena” Балалар орталығы

2021 жылдың 31 наурызы күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Петропавл қаласы “Vadilena” балалар орталығының тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізілді.

Балаларға Абылай ханның өмірі және қызметі жайлы, сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті жайында мағлұмат берілді.

Отанымызға деген махаббат сезімі туған өлкелерінің тарихын меңгеруден басталады және ұлтжанжылықтың ең биік көрінісі болып саналады.