2021 жылдың 10 желтоқсаны “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған “Ағаш тамырымен, адам досымен мықты” көрмесінің ашылуы өтті. Келушілерге ағаштан жасалған қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарымен танысуға экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар келушілер ағаш өңдеу шебері Болатбек Қалдыров өткізген шеберлік сағатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Көрмені 2021 жылдың 20 желтоқсанына дейін тамашалауға болады.