“Тәуелсіздік – бақыт жолы” атты дөңгелек үстел

2021 жылдың 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – бақыт жолы” атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны өткізудің мақсаты мен міндеттері:

  • Еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасуын талқылау
  • Мемлекет тарихын зерделеуге және Тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы білімді кеңейтуге ынталандыру
  • 30 жыл ішінде ел қол жеткізген нәтижелерді қорытындылау

Спикерлер:

  • Садаев Аян Нәбиұлы –« Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің директоры
  • Сартаев Жанбатыр Нұртайұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының профессоры, медицина ғылымдарының докторы
  • Жантеміров Амандық Мырзахметұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы
  • Тимошин Владимир Михайлович – тыл еңбеккері, ақын

Сондай-ақ Әскери институттың курсанттары, медициналық колледждің студенттері және Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.