Құттықтаймыз!

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің тарих және экспозиция жасап маманы Күлнәр Жияншенқызы Жұмабекова “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен, экскурсиялық көпшілік жұмыстар бөлімінің жетекшісі Назгүл Абайқызы Бейсембина ҚР министрінің “Алғыс хатымен” және музейдің бағдарламашысы Александр Иванович Черниченко облыс әкімінің “Құрмет грамотасымен” салтанатты түрде марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан жетістіктерге жете беріңіздер! Еңбектеріңіз әрдайым бағалана берсін!