29 маусым күні Қызылорда қаласында «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің қызметкерлері «Абылай және оның заманы» атты жылжымалы көрмесін ашты. Көрмеде Омбы, Санкт-Петербург қалаларынан Абылай ханның өмірі, сондай-ақ Абылай сұлтанға арналған үй құрылысы туралы мұрағаттық материалдар ұсынылды.
Көрмеде сол кезеңдегі түпнұсқа экспонаттар, атап айтқанда сауыт, дулыға, қылыш, найза ұштары, берен мылтық ұсынылған.
Көрме «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің ашылуының 15 жылдығына орайластырылған.
Сонымен қатар, біздің музей мен Қызылорда облысының музейі арасында меморандумға қол қойылды.